01 мам, 2020 сағат 22:24

Батыс Қазақстанда тағы төрт тұрғын жазылып шықты

Батыс Қазақстан облысында тағы төрт адам коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметованың айтуынша, олар – Орал қаласы, сондай-ақ Тасқала, Теректі және Бәйтерек аудандарының тұрғындары.

«Бәрінің де жағдайы қанағаттанарлық. Бақылау сынамалары коронавирустың жоқтығын көрсетті. Енді олар үйлерінде карантинде болады», деді Н.Ахметова.

Осылайша БҚО-да емделіп шыққандар саны 14-ке жетті.