Батыс Қазақстан облысында шағын автобус кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО ТЖ департаментінің бас маманы Мереке Жұмағалиевтің мәлім еткеніндей, оқиға 22 маусым күні сағат 15.54-те Бәйтерек ауданы Жайық-2 ауылы маңында орын алды.
1992 жылғы шығарылған «Volkswagen Transporter» автокөлігі отқа оранды.
«Тілсіз жауды» ауыздықтауға 4 адам, 1 техника қатысты.
Биыл жыл басынан бері өңірде 34 автокөлік (өткен жылы осы мерзімде – 35) өртенді.
«Автокөліктегі өрттің негізгі себептері – электр сымдары мен жабдықтарының қысқа тұйықталуы, сондай-ақ көлік иелерінің ашық отты пайдалану кезінде қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы. Соның салдарынан автокөлік жанып, иесіне шығын келіп жатады», деді М.Жұмағалиев.