30 мау, 2020 сағат 10:15

Батыс Қазақстанда Сенат депутаттығына үш кандидат тіркелді

Батыс Қазақстан облысында Сенат депутаттығына үш кандидат тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақовтың айтуынша, ҚР Президентінің Жарлығымен биылғы Сенат депутаттарын сайлау 12 тамызға белгіленген болатын. Күні бүгінге дейін облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры Ғалым Бекқалиев, «Орал гуманитарлық колледжі» ММ-ның қаржы директоры Ляззат Рысбекова, «Батыс су арнасы» ЖШС директорының орынбасары Ақылбек Аманғалиев ресми түрде тіркелді. Олардың бәрі де – Орал қаласының тұрғындары. Тағы екі үміткердің тіркелетіндей мүмкіндік, уақыттары бар.

«23 шілдеде тіркеу аяқталып, содан кейін үгіт-насихат жұмыстары басталады», деді Ғ.Қапақов.