25 мау, 2020 сағат 14:44

Батыс Қазақстанда пневмониямен ауырғандар саны 273-ке жетті

Батыс Қазақстан облысында коронавирусқа шалдыққан 421 адам инфекциялық стационарда жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, соның ішінде 136-сы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, 232-сі қалалық көпбейінді ауруханада емделуде.

Ауыр халдегі науқастар саны – 57. Соның ішінде 16 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Пневмониямен ауырғандар саны 273-ке жетті.

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінен түскен мәліметке қарағанда, өңірде барлығы коронавирус жұқтырған 1267 адам анықталса, соның 835-і жазылып шықты.

Кеше облыста 46 адамның сырқаттанғаны белгілі болды (өсім – 3,8 пайыз). Мұның сыртында клиникалық ауру белгілері жоқ 60 адам тіркелді.

Қазіргі таңда сондай-ақ 29 адам карантиндік, 130 адам провизорлық стационарда жатса, 719 адам үйлерінде оқшауланған.