#
#
Жексенбі 24/01/2021

Батыс Қазақстанда мұз ойылып, автокөлік өзенге түсіп кетті

  • 25.11.2020
  • 0
  • 279

Батыс Қазақстан облысында мұз ойылып, автокөлік өзенге түсіп кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 22 қараша күні Бәйтерек ауданында болған. 

Макаров ауылының тұрғыны мұздың қалыңдығын тексеру үшін Шаған өзеніне барып, «Ауди» автокөлігін биіктеу жерге қойып кеткен.

Ол мұзды жаяу қарап жүргенде, автокөлігі өзенге қарай жылжып кеткен.

Автокөлікте ешкім болмаған. Ал әлеуметтік желіде таралған бейнежазбадағы адамдар – оған көмектесуге келген ауылдастары.

Бәйтерек ауданы полиция бөлімі учаскелік полиция инспекторының көмекшісі, полиция аға лейтенанты С.Машанов автокөлік иесімен профилактикалық әңгіме жүргізді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар