26 мам, 2017 сағат 14:25

Батыс Қазақстанда машинаға тиелген төрт жылқы тірідей жанып кетті (Видео)

БҚО, Жаңақала ауданында кеше жол бойында жүк көлігіне тиелген төрт бірдей жылқы тірідей жанып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Куә болушылардың сөзіне қарағанда, оқиға Айдархан-Мәстексай жолында орын алған. Автокөлікке сол күні Айдархандағы атшабыста бәйге алған Мәстексай мен Бірлік ауылдарының сәйгүліктері тиелген көрінеді. Әлеуметтік желіде таралған видеоға өртеніп жатқан жылқылар, оны сөндіруге тырысқан адамдар анық түсіп қалған.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде. 

Ескерту: Видеода былапыт сөздер кездеседі