#
#
Дүйсенбі 06/07/2020

Батыс Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны көбейіп барады

  • 29.05.2020
  • 0
  • 245

Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандар саны көбейіп барады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, күні бүгінге дейін 544 адам ауырса, соның 269-ы жазылып шықты.

Қазіргі таңда 275 адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында емделуде. Сондай-ақ 20 адам провизорлық, 511 адам карантиндік стационарда жатыр. Үйлерінде оқшауланған 1276 адам дәрігерлердің бақылауында.

БҚО әкімдігі мәлім еткеніндей, өңірде соңғы тіркелген 51 адамның (өсім – 10,1 пайыз) 27-сі – Теңіз кен орнынан келген облыс тұрғындары. 

Сондай-ақ 10 адам бұрын коронавирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған. 12 адамнан профилактикалық мақсатта сынама алынған кезде анықталды.

Тағы екі адам – Ресейде жұмыс істейтін Шымкент қаласының тұрғындары. Олар «Тасқала» автоөткелінен өткен кезде карантиндік стационарға жатқызылған.

Облыста індетке қарсы күрес жалғасуда.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар