Батыс Қазақстан облысында 61868 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 23146 адам екпенің екінші компонентін алды.
Өңірде тұрғындарды вакциналау жұмыстары жалғасуда.
Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, соңғы тәулікте 97, бір аптада 739 адам коронавирус жұқтырды.
Пневмонияға шалдыққан 394 адам стационарда ем қабылдауда.
Инвазивті жасанды тыныс алу аппаратына 4, инвазивті емес осындай құрылғыға 13, оттегі концентраторына 22, орталықтандырылған оттегі көзіне 104 адам қосылған.
Күні бүгін 1123 төсектік 18 инфекциялық стационарда 488, соның ішінде 32-сі жансақтау бөлімінде жатыр. Сондай-ақ 195 төсектік 4 карантин стационарында 9 адам емделуде.
Жыл басынан бері 930 баладан коронавирус анықталды.
Ірі кәсіпорындардан биыл «Жайықмұнай» ЖШС-дан 38, «ҚПО б.в.» компаниясынан 130 адамнан індет табылды.