
Батыс Қазақстан облысында 150 тонна пішен өртеніп кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 2 қараша күні кешкісін Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылында болды.
Сағат 21.13-те «Жарас» агрофирмасы» шаруа қожалығының ашық алаңында үйілген 150 тонна шөбінің жанып жатқаны жөнінде хабар түскен.

Өрт аумағы шамамен 500 шаршы метрді қамтыды.
Өрт сөндірушілер пішеннің ық жақтағы бөлігін көшіріп, жанудан аман алып қалды.
«Тілсіз жау» сағат 23.40-та оқшауланып, бүгін 00.18-де ауыздықталды.
Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталып жаты
