04 қар, 2020 сағат 16:03

Бас санитар ел азаматтарына шетелге бармауға кеңес берілді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова Қазақстан азаматтарына шетелге бармауға кеңес берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«6 қазаннан бері мемлекеттік шекараны автоөткелдер арқылы 149 мыңға жуық Қазақстан азаматы мен шетелдіктер кесіп өтті. Оның ішінде 278-інде індет анықталды. Елге індет жұқтырып келу жағдайларының көбісі Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында тіркелген. Соңғы аптада автоөткелдерден өту кезінде 122 жағдай анықталды, бұл жалпы көрсеткіштің 45 пайызын құрап отыр», - деді комитет басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде. 

Оның сөзіне қарағанда, 6 қазаннан бері халықаралық рейстермен 61 мыңға жуық жолаушы келді. Оның ішінде 8 352 адам тестілеуден өтіп, соның арасында COVID-19 бойынша оң нәтиже берген 41 жағдай тіркелді. 

«Атап айтқанда, 17-сі Мысырдан, Түркия-13, Беларусь – 16, Ресей – 1, БАӘ-ден 4 жағдай тіркелді. Сондықтан шетелге сапарлауды жоспарласаңыздар, ол елде коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі бар екенін ескеріңіздер. Қазіргі кезде мүмкіндігінше шетелге шықпауға тырысу керек», - деді А. Есмағамбетова.