#
#
Cәрсенбі 15/07/2020

«Барыс» құрамына фин қақпашысы қосылды

  • 29.05.2020
  • 0
  • 227

Елордалық «Барыс» фин қақпашысы Йони Ортиомен бір жылдық келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" команда сайтына сілтеме жасап.

Йони Ортио 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін «Барыс» сапында ойын көрсетеді. Ол бұған дейін 2018/2019 жылғы кезеңде құрлықтық хоккей лигасында Ресейдің «Витязь» (Мәскеу облысы) клубында қақпашы болды. Соңғы уақытта Швейцарияның «Цюрих Лайонс» клубында 29 ойынға қатысты. 

Йони Ортио 1991 жылдың 19 сәуірінде Финляндияның Турку қаласында дүниеге келген. Ол Финляндия құрамасына тұрақты түрде шақырту алып тұрады. Сондай-ақ, Ұлттық хоккей лигасында «Калгари Флеймс» клубында 2014-2016 жылдарда ойын көрсетіп қайтты. 

Бұдан бұрын «Барыс» құрамына канадалық хоккейші қосылған еді. Сондай-ақ, қақпашы Хенрик Карлсон «Барыс» командасында тағы бір жылға қалатын болды.

Швед хоккейшісі Линус Виделль «Барыспен» келісімшартын бір жылға ұзартты.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар