Төменгі Новгородта «Торпедоны» (3:2), жеңген қазақстандық «Барыс» ҚХЛ-дың осы маусымында бесінші овертаймдық жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.
Бір қызығы, Нұр-Сұлтан қаласының клубы осы көрсеткішпен бұрын көш бастаған Минск «Динамосын» басып озған болатын. Табысты қосымша бес минуттың пайызы бойынша «Зубрлар» алда келеді – ықтимал 10 жеңістің 5-і. Тағы үшеуіне буллиттер сериясында қол жеткізілген.
«Барыс» та 12 овертаймның 5-уінде жеңімпаз атанды.
23 желтоқсанда қазақстандық клуб Омбының «Авангардымен» ойнайды.