03 ақп, 2021 сағат 12:39

«Барселона» ойыншысының коронавирусқа тапсырған тесті 26 рет оң болып шықты

«Барселона» ойыншысы Серхи Роберто екі ай бойы футбол алаңында алған жарақатынан, ал одан кейін коронавирус жұқтыруы салдарынан орала алмаған, деп хабарлайды Football Espana сайты.

Дереккөздің мәліметінше, футболшы коронавирусты қараша айында, оң жақ аяғы жарақаттанған кезде жұқтырып алған. 28 жастағы ойыншы коронавирусқа тапсырған тесті 26 рет оң болып шықты, тек 27-іншісі ғана теріс болған. 

Серхи Роберто алаңға 2020 жылдың 21 қарашасынан 2021 жылдың 31 қаңтарына дейін шықпаған. 31 қаңтарда ол Испания чемпионаты 21-інші турының матчында «Атлетикаға» қарсы екінші таймның ортасында ғана ойнады. Футболшының көк-анарлылармен қазіргі келісімшарты 2022 жылға дейін есептелген. Робертоның трансферлік құны 25 миллион еуроға бағаланады.