Алматыда «барахолка» базары маңы қою қара түтінге көмілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, түскі 13:41 шамасында өрт сөндіру қызметінің кезекші пультіне Жетісу ауданы, Москвин көшесі 7 мекенжайындағы ғимарат, яғни "Адем" сауда орнының артындағы қоймалардың өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.
Алғашқы өрт сөндіру жасағы оқиға орнына 5 минутта жетті. Қазір өрт сөндірушілер тілсіз жаумен арпалысып жатыр.