Алматыда барахолка маңында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Барахолка маңында цех өртенді. Қазір өрт толық сөндірілді»,- деді Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметінен.
Өрт таңғы 9:50-де Алатау ауданындағы Шапағат шағын ауданында Головацкий, 59 мекен жайындағы жиһаз цехінен шыққан.
Бұл ауданда су аз болғандықтан өрт сөндірушілер үздіксіз су жеткізіп тұрды. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 10:36-да ауыздықтады. Қызыл жалын 120 шаршы метр аумақты шарпыған.
Айта кетсек, өрт суреттері әлеуметтік желіде жарияланды.