09 қыр, 2020 сағат 09:30

Бангладеште жолаушылар кемесі суға батып, 10 адам қаза тапты

Бангладеш астанасынан 158 шақырым жерде, Резина өзенінде жолаушылар кемесі суға батып, кем дегенде 10 адам қаза тапты. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бортында шамамен 30 жолаушы болған кеменің жүк траулерімен соқтығысудан батып кеткені атап өтіледі. 

«10 адамның мәйіті табылды, олардың арасында бесеуі әйел, тағы бесеуі – балалар», - деп баяндады апат болған Нетрокона ауданының полиция басшысы Мұхаммед Фахрузаман.

Сегіз жолаушы соқтығысудан кейін жағаға өздері жүзіп жеткен.