#
#
Cәрсенбі 15/07/2020

Балқаш пен Алакөлге апаратын жолдардың сапасы қандай?

  • 02.06.2020
  • 0
  • 206

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанның туристік орындарына апаратын жолдардың сапасы жөніндегі сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл 4 мың шақырым республикалық жол салынып, жөндеуден өтеді деп жоспарланған. Нақты Балқаш пен Алакөлге тоқталсақ, биыл 2 мың 600 шақырым жол бойынша қозғалысты ашамыз. Оның ішінде, Қарағанды-Балқаш-Қапшағай және Талдықорған-Үшарал-Өскемен бағыттары бар. Бұл бағыттарда күшейтілген жұмыс жүріп жатыр. Бірден, жол бөліктерін атар болсам, ұзындығы 700 шақырым болатын Талдықорған-Үшарал жолы бар. Үшаралдан Достыққа дейінгі 60 шақырымға асфальт төсеу жұмыстары басталып кетті. Қалбатау жақтан да жол бөлігін жөндеуді аяқтадық», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен есеп беру брифингінде. 

Қарағанды трассасы бойынша министр Карағанды-Балқаш жолының биыл ашылатынын хабарлады. 

«Әрине, оның кейбір бөліктері техникалық себептермен кешігуі мүмкін. Дегенмен, Қарағанды-Балқаш-Қапшағай жолының негізгі бөлігін жыл соңына дейін қолданысқа береміз. Келесі жылы сүйікті курорттық орындарымызға тамаша жол үстімен жетеміз деп ойлаймын», - деді министр.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар