30 мау, 2021 сағат 19:01

Бали жағалауындағы кеме апаты: Индонезиялық құтқарушылар 14 адамды іздестіруде


Индонезиялық құтқарушылар мен әскерилер Бали аралының жағалауына жақын жерде болған кеме апатынан кейін із-түзсіз жоғалған он төрт адамды іздестіру жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Antara агенттігі.

«Гилиманук портының әкімшілігінен алынған алдын ала деректер бойынша, алты адам қаза тауып, 33 адам аман қалған, 14 адам із-түзсіз жоғалған», - деп хабарлады әскерилер өкілі Юли Эко. Оның сөзіне қарағанда, кеме бортында экипаждың 12 мүшесі мен 41 жолаушы болған. 

29 маусым күні Ява аралынан аттанған кеме үлкен толқындар салдарынан Бали провинциясының маңайында суға батқан. Бұған дейін өңірлік билік алты адамның мерт болғанын, сегізінің зардап шеккенін және алтауының із-түзсіз жоғалғанын хабарлаған болатын.