#
#
Cәрсенбі 12/08/2020

Бақытжан Сағынтаев: Дәрі-дәрмектің тұрақты қорын жасауға 5 млрд теңге бөлінді

  • 10.07.2020
  • 0
  • 220

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгін жұмыс кеңесі барысында фарминдустрия өкілдерімен мегаполиске дәрі-дәрмектерді жеткізу мәселесін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Дәрілік препараттарға сұранысты қамтамасыз ету және жедел жағдай бойынша қажетті шараларды талқылау үшін фарминдустрия өкілдерімен кезекті кездесу өткіздім. Келіп түскен дәрі-дәрмектер дәріхана сөрелеріне бір тәуліктің ішінде жеткізіледі. Бүгін Ресейден препараттардың ірі партиясы келеді. Шамамен 55 тонна дәрілік заттар, соның ішінде COVID-19-ға қарсы – ыстықты түсіретін және антикоагулянттар бар. Шілде айының соңына дейін әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмектердің 4,2 млн қаптамасы жеткізіледі деп күтілуде», – деді Б. Сағынтаев.

Қол қойылған меморандум аясында қаланың барлық аудандарындағы 105 дәріханаға өте қажет препараттардың 41 түрі тұрақты жеткізілуде. 1 шілдеден бастап дәріханалар әлеуметтік маңызы бар 581 мың дәрі-дәрмек қаптамасын алды. Жалпы, бүгінгі күні 105 дәріхана мен жеткізушілердің қоймаларында 1,8 млн қаптамадағы қажетті дәрі-дәрмектер бар.

Сонымен қатар, қала әкімі дәрілік препараттардың тұрақты қорын жасау жөніндегі жобаны жүзеге асыру туралы айтты.

«Келесі қадам – дәрілердің тұрақтандыру қорын құру. Дәрі-дәрмек жеткізушілерді 6-8 ай мерзімге пайызсыз несиелендіру үшін 5 млрд теңге бөлінді. Бұл – дәрі-дәрмектерді ағымдағы баға бойынша сатып алып, нарықтың құбылмалы жағдайына байланысты біртіндеп пайдалануға беру үшін жасалды», - деді қала әкімі.

Сондай-ақ, аталған 105 дәріханаға күн сайын мониторинг жүргізіледі.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар