3 желтоқсанда қазақстандық делегация Бахрейн авиациялық билігімен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының тапсырмасымен енгізілген «ашық аспан» режимі аясында Бахрейн әуе компанияларына Қазақстанның 11 әуежайына (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей) 5-ші «әуе еркіндігін» пайдалану мүмкіндігімен рейс санына шектеуді алып тастап, тұрақты ұшуына мүмкіндік берілді. Рейстер саны күнделікті жиілікке дейін көбейген» делінген хабарламада.
Сондай-ақ, екі елдің тағайындалған әуе компаниялары ұшу кезінде кодтарды бірлесіп пайдалану туралы коммерциялық келісім жасаса алады.
Қол жеткізілген уағдаластық нәтижесі бойынша Бахрейн әуе компаниялары Қазақстандық әуе компаниялармен кодтарды бірлесіп пайдалану туралы коммерциялық келісімдер жасауды жоспарлап отыр.