Бағдаттың батыс бөлігіндегі әскери бекетке белгісіз біреулер шабуыл жасап, салдарынан 11 адам қаза тапты. Тағы 8 адам жарақат алды, деп хабарлайды Reuters агенттігі.
Полицияның және дәрігерлердің хабарлауынша, шабуылдаушылар төрт көлікпен Бағдат қаласының Әл-Радвания ауданындағы әскери бекетке шабуыл жасаған. Содырлар граната мен автоматтар қолданған.
Әскер мен полиция күштері шабуылдаушыларды ұстауға әрекеттеніп жатыр.