24 там, 2020 сағат 16:31

Бағдат Қожахметов коронавирусқа қарсы вакцинаны алу тәртібін түсіндірді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов коронавирусқа қарсы вакцинаны алу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ол COVID-19 індетіне қарсы вакцинаны алу туралы қандай да бір нақты шешім жасалмағанын айтты. 

«Осы вакциналарды даярлаумен айналысып жатқан ең алдыңғы қатарлы зертханалар үшінші кезеңге жетті, яғни клиникалық сынақ фазасында тұр. Олар төртінші кезеңді өткізуі керек. Осыдан кейін барлық халықаралық сертификаттардан өткеннен соң, тиісті елдерді бұл вакцина жаппай өндіруге шығарылады», - деді ресми өкіл. 

«Ал бұған дейін Қазақстан меморандумдар немесе келісімдерді бекітуге тырысады. Бұл тұрғыда өзге елдерге қарағанда осы вакцинамен халықты бірінші болып қамтамасыз ету қадамдары жасалады», - деді Б. Қожахметов.