Ежелгі Қазақ Алып биінде (Әліппесінде) 30 таңба-дыбыс бар. Ал, қалған 12-сі кірме таңбалар.
Осы таңбалардың орналасу реті және сандық атауы ең ежелгі, ең бірінші дүниеге келген бүкіләлемдік ұлы Ел қалай аталды және оның қандай ретпен дүниеге келу тарихынан толықтай хабар бере алады.
«Алаш қаған Танау өзеніне табан тіресе,
Қазақ қаған әлемнің бәрін алған» (Жүсіп Баласағұн). Танау - Обь өзенінің ежелгі атауы.
Әлем шежіресін танып білуде бізге аса көңіл аударатын жағдай сөздердің тек қана дыбыс –таңбалардан тұратыны емес, олардың буын-буынға бөлінуі. Себебі, сонау түптегі ең алғашқы Адам Ата мен Ауа Ана дүниеге келгелі бері, олар аталы, әкелі, балалы, немерелі, шөберелі т.т. буын-буын болып жалғасып келеді. Бүкіл әлем елдерінің Ата тек шежіресінде де, соларды атайтын сөздер мен сөйлемдерде де, артқы буын алдыңғы буынның жалғасы ретінде дәл солай беріліп келеді. Бүткіл жер бетіндегі барлық рулар, тайпалар, ұлыстар, хандықтар мен қағандықтар да осылай буын-буын болып дүниеге келді. Бұл жағдай Сәттіғұл атамыздың шежіре-дастанында былайша өріледі.
«Өзендер құрғап суалмас
Қайнары болса ақпалы.
Бекарыс пен Алшыннан
Кіші жүздің баласы
Дүреп едік ел болып
Буын-буын тақталы» (Сәттіғұл Жанғабылұлы «Аманат» Алматы. 1996. 178 бет).
Ең жоғарғы сана (санаудың) иесі Ұлы Жаратушы-Алла, Алладан кейінгісі Адам. Алланың қалауымен Адам ата ұрпақтары сандық жүйені меңгерді. Біз қолданып жүрген сандардың бәрі осы сандарды ойлап тауып, дүниеге әкелген ұлы аталарымыздың есімі. Осы сандық жүйеге сәйкес дыбыстық таңбалар да олардың дүниеге келу рет санын береді. Сол үшінде кейде біздер, санның орнына 1-а, 2-ә, 3-б, 4-г, 5-ғ, 6-д, 7-е, 8-ж, 9-з, 10-и т.т. деген сияқты дыбыстық таңбаларды да қолданамыз. Қазақ баласының ауыздарынан тастамайтын бір, екі, үш деген сандардың, 1-а (АТА), 2-ә (ӘКЕ), 3-б (БАЛА) болатыны осы.
1 саны (бірінші буын) Адай Атаның екі баласы Құдайке мен Келімбердінің сандық атауы. Бұл санның таңбалық атауы «А» - Ата (Адам Ата).
2 саны (екінші буын) – Адай Атаның бірінші немересі Тәзіке, яғни Тәз әке. Өздеріңіз көріп отырғандай, сөз түбірі «Әз әулие» атамыздың есімі. Әз әкеміздің есімінің алдындағы «Т» дыбысы, Әз әулие атамыздың толып, толысқан ұрпағы дегенді білдіреді. Атам Қазақтың «Әке» деген ұғымы осы әкелі балалы Қу Адай Әке (Құдайке) мен Әз Әке (Тәзіке) аталарымыздың арасында дүниеге келген болып тұр. Атам Қазақтың хандары мен қағандарының бастарына киіп жүретін бас киімдерінің «Тәж» деп аталатынының да сыры осы. Ата мен Әке сыйлаудың ең озық үлгісі де осы. 2 саны қазақтың сандық атауы. Таңбалық атауы «Ә» - Әке.
3 саны (үшінші буын) – Адай атаның үшінші немересі Қосай, бұл Нұқ пайғамбардың атасының (руының) есімі. Нұқ пайғамбар заманындағы топан суға кететін «көш» осы екі буын, яғни Құдайкенің екі ұлының елі. Таңбалық атауы «Б» - Бала, яғни бірінші Ата, екінші Әке, үшінші Бала. Мына солтүстіктегі көршілеріміздің Раз, два, три дейтіндері де осы. Ра – Аз (Ра - Күн құдайы, Аз - сірә Аз, Қазақ Ата деген мағына береді), Два – Дева, Три – Тірі, яғни топан судан тірі қалған ұрпақ дегенді білдіріп тұр.
4 саны (төртінші буын) – Құнанорыс (Рысқұл), бұл баяғы Нұқ пайғамбардан тарайтын қауым, Шежіредегі Адайдың кіші ұлы Келімбердінің бірінші баласы, яғни Адайдың 4-ші немересі. «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген мақал солардан қалды.
5 саны (бесінші буын) – Ақпан. Аға мен Ақиқатқа түбір, яғни ақиқатқа Аға болған осы Ақпандар, яғни Сақтар. Сақтың түбірі Ақ болатыны осыдан. Бүгінгі балалардың біліміне баға бергендегі бір өте жаман, екі жаман, үш қанағаттанарлық, төрт жақсы, бес өте жақсы деп баға берілетінінің сыры осы. Аға мен Ақиқатқа бес деген баға беріліп отыр. Ежелгі Қазақтардың өз билеушілерінің алдында оқ қолын жүрегінің үстіне қойып, «Хан Аға» деп басын сәл иіп тұратындары да осыдан. Атам Қазақтың хандары мен қағандары отыратын орынтақтарын «Тақ, Алтын тақ» деп атайтындары да осыдан. Бұл Қазаққа хан мен қаған болуың үшін тек қана Ақиқатқа (Әділетке) жүгінуге тиіссің деген сөз. Ал халық Ақиқаттың Атасы отырған орынтақты бастарына бас киім етіп киіп жүрген. Қазақтың «Тақия» деген бас киім атауының шығу тегі осы. Қазақтың ел басқаруға байланысты Ұлттық идеологиясының негізі осы.
6 саны (алтыншы буын) – Балықшы (Шыбынтай, Қыпшақ). Біздің Ал, Алғи, Алан, Алаш, алты Алаш деген ұғымдарымыздың бәрі осының ішінде. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді» деп ескертіп кеткен осы аталарымыз.
7 саны (жетінші буын) – Бұзау (Айтумыс пен Жеменей). Қазақтың туыстығы бөлінбейтін, қыз алыспайтын жеті аталық жүйесі, қасиетті жеті санының авторы осылар. Емен (қатты ағаш) деген атқа ие болып, алғаш кеме жасап, суға жүзгендерде, темірді ойлап тауып, алғаш емхана ашып, ауру адамдарды емдегенде солар. Бәрінің ем деген бір түбірден болатыны осыдан.
8 саны (сегізінші буын) – Семит (қазіргі Еврей мен Арабтардың аталары, жеті санын иемденген Жеменейден бөлінеді) Олардың өз шежірелерінде де осылай жазылған. Сегіздің түбірі егіз. Демек, «сегіз кіммен егіз?» деген сұрақ өз-өзінен туындап тұр. Әрине сегіз тоғызбен егіз бола алмайды. Себебі тоғыншы ұрпақ, сегізден бір буын кейін тұр.
Мына көрші орыстар жетіні семь, сегізді восемь деп атап, өздерін біз жеті - Жеменеймен егіз емеспіз, біз жетінші буын Жеменейдің ішінен шықтық, біз Жеменейдің баласымыз деп отыр.
Адамзаттың туыстықтарының бөлінуі осы сегізден басталады. Мысалы, әлемдік кез-келген сайыстарда, жарысқа жеті ел қатысса, ол сайыс халықаралық сайыс деп аталмайды. Халықаралық сайыс деп, қатысушылар саны сегізден асса ғана саналатынының сыры осы. Адамзаттың туыстығы бөлінбейтін жеті аталық жүйесінің бұзылуы, Бұзаудың ұрпағы Жеменейден бөлінетін Семиттерден басталады. Бұзау мен бұзылудың «бұз», Жеменей мен Семиттің «ем» деген тір түбірден, яғни бір атадан болатынының сыры осы.
9 саны (тоғызыншы буын) – Тобыш. Сөз түбірі «об, ов». Қазіргі Мына көрші орыстардың өз тектерін Иванов, Петров, Сидоров деп жазып жүргендерінің сыры осы. Олардың «слова» деген сөзінің түбірі «ов (об)» болатыны да осы. Бұл айтқанымыздың топономикалық айғақтамасы Азия құрылығының солтүстік бөлігін жарып өтетін Об өзені. Об өзені бастауын Қар теңізінен (Карское море) алып, оның осы теңізге қосылар жері Об еріні (Обская губа) деп аталса, осы Об ерініне жалғасып жатқан тағы бір ерін, Таз еріні деп аталады. Осы өзен Сібір мен Ханты-Мансийск (Хан мен Ман) жеріне келгенде Ертіс деп аталады. Одан Тобыш (Тобыл) қаласынан өткенде бір саласы Тобыл атанып қазіргі қазақ даласындағы Қостанай қаласын қақ жарып ағады. Негізгі салалары: Том, Шұлым (Шылым), Кет (Кете), Тым, Вах (оң, яғни Ақ), Үлкен Юган (Жуған), Ертіс, Есіл, Тобыл деп аталады. Ресей жақ бөлігіндегі Об өзенінің жағасында Маңғыстаудағы Шерқала тауымен аттас Шерқала деген қала күні бүгінде де бар. Бізге тегімізді «ов (об)» деп жазуға болмайды. Себебі, Біз олай жасасақ өзіміздің тоғызыншы буын ұрпағымызға бала болып шығамыз.
10 саны – Мұңал (монғол). Өздеріңіз көріп отырғандай, 5 саны (5 деген баға) Ақиқатқа берілген, ары қарай алты мен Балықшы, жеті мен Жеменей, сегіз бен Семит, тоғыз бен Тобыш, он мен Монғол (Мұңал) түбірлес (бір атадан) болып тұр. Мұңалдардың Монғол аталып жүргендерінің де сыры осы. Ұлы Аталарымыздың Монғол аатуы жайлы бізге қалдырып кеткен жұмбағының шешуі де осы. Мұны түсіне алмай жүрген себебіміз, соңғы үш жүз жылға жуық бодандықтың салдарынын санамыз сансырап, сандық жүйеден айрылып қалғанымыз болып тұр. Санамызды тірілте алсақ, әлі де кеш емес...
Міне, осы қағидаға сәйкес, Азиа (Азия) – А (бірінші бас әріп), З (тоғызыншы әріп), И (оныншы әріп), А (бірінші әріп), яғни 1-9-10-1 сандық жүйесін құрайды. Демек, «А» мен «З», яғни Аз тоғыз ұрпаққа жетіп, толып толысып, Әз әулие деп аталды. Аз-ға жалғанған оныншы «И» дыбысы баласы, ұрпағы, яғни қарашаңырақ Мұңал деген мағына берсе, оған «А»-ның орнына «Ә» дыбысы жалғанғанда «Иә» деген Мұңалдың ұрпағы Қиянның сөз түбірін береді. Ежелгі қазақ таңбаларында «Я» деген дыбыс жоқ, бұл кейінгі дәуірдің жемісі. Қазіргі тілімізде ежелгі Иа, Иә сөзі «Я» деп оқылып жүр. Қазіргі ұрпақтың Азия деген атаудың не мағына беретінін білмей, шатасатыны да осыдан. Азияның (Азиа, Азиә, Әзиә) толық мағынасы Қаз Қианның сөз түбірлерін береді. Бүкіл әлемді билеген ұлы Шыңғыс қағанның тегінің ежелгі Түріктің Қиян (Қият) руынан делінетінінің сыры осы. Бұл Қазақтың, оның қарашаңырағы Адайдың шежіре дерегімен де, Алып би (Әліппе) бойынша сөз жасау жүйесімен де, өздеріңіз көріп отырғандай сандық жүйемен де толықтай сәйкес келеді. Енді осылардың үстіне «Иа» деген түбір сөздің Нұқ пайғамбар атамыздың кенже ұлы Иафес атамыздың есімі екендігін қосыңыз. Санасында қазақи саңлауы бар жандарға, бұл тұжырымға тоқтауға тура келеді. Азия атауының басқаша мағынасы жоқ. Ана тіліміздің сөз түбірі және сол арқылы сөз жасау жүйесі ешқашан жаңылысқан емес.
Қазақтың сөз түбірі (өз түбі, өз Атасы) "Аз". Қазақтың ардақ тұтатын «Әз Әулиесі», яғни Қазақ әулетінің иесі осы. Әулие – Әулеттің иесі деген сөз. Қазақтың Қазақия деп аталатыны да осыдан. Қазақияның сөз түбірі Азия болатыны да осыдан.
Әлемдегі ең үлкен құрылықтың Аталық тегі, яғни бүгінгіше айтқанда «авторлық құқығы» бүгінгі қазақ аталған Ұлы елдің Аталарында жатыр.
Тарих тағлымы: Азия (осы түбірден Қазия, Қазақия) деген ұғым тек қана Аталық текке жатады. Бұл сөздің құрамында әйелге қатысты буын жоқ. Ал, Европа аналық текті құрап, сөз түбірінде «ев (ева, дева)» әйел тұр. Демек, Азия мен Европа атауы, Ата мен Ана, яғни батысша айтқанда Адам и Ева деген мағына береді. ЕвроАзиялық экономикалық одақ атауы осы салтты өрескел бұзып, ер адамның әйелге тұрмысқа шыққанымен, немесе соның еліне күшік күйеу болып кіргенмен бірдей болып тұр. Себебі, бұл жерде Азия (қазақ) Европадан (әйелден) кейін тұр. Бұл өз тегіңді ұмытып әйеліңнің фамилиясын алғанмен бірдей. Қазақтың ата салтында әйел адамның есімі ешқашан жұбайынан бұрын аталмаған.
Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау
Ұлт порталы