06 қаз, 2023 сағат 15:57

Азиада: Қайсар Алпысбай ел қоржынына тоғызыншы алтынды салды

Фото: olympic.kz

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында каратеден 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сайысқа түскен қазақстандық Қайсар Алпысбай алтын медаль иеленді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Финалда ол екі дүркін Азия чемпионы кувейттік Абдулла Шаабанмен жолықты. Жекпе-жек тартысты өтіп, бәрі соңғы секундтарда шешілді. Нәтижесінде қазақстандық спортшы 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Қайсар Алпысбай 2022 жылғы Азия ойындарында ұлттық құрама үшін тоғызыншы алтынды алып берді.