24 там, 2018 сағат 18:56

Азиада-2018. Қазақстан жүзу эстафетасында қола алды

Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында жүзуден ерлер арасындағы 4x100 метрлік эстафетада Қазақстан құрамасы (Әділ Қасқабай, Дмитрий Баландин, Әділбек Мусин, Александр Варакин) Қытай мен Жапониядан қалып, қола жүлде алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сондай-ақ джи-джитсуден Нұржан Сейдуәлі мен Нартай Қажеков та Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Теннистен микст жарысында (ер және әйел теннисші) Александр Недовесов пен Анна Данилина жартылай финалда таиландық қарсыластарынан жеңіліп, қола алды.

Оның алдында теннистен қазақстандық Александр Бублик пен Денис Евсеев жұптық сынның финалында Үндістан теннисшілерінен жеңіліп, екінші орын иеленген.

24 тамызда Қазақстан барлығы бір алтын, бір күміс, алты қола алды. Велоспорттан Алексей Луценко жекелей жарыста чемпион атанған. Қазір еліміздің құрамасы барлығы 3 алтын, 7 күміс, 24 қоламен жалпы есепте 11-орында тұр.

Азия ойындарына 440 қазақстандық спортшы қатысып жатыр. Азия ойындары қыркүйектің 2-cі күні аяқталады.