24 там, 2018 сағат 11:46

Азиада-2018: Дмитрий Баландин кезекті жарысында финалға шықты

Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында 50 метрге брасс əдісімен жүзуден ерлер арасындағы іріктеу кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰОК баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін Жакартада қазақстандық Дмитрий Баландин өз тобында 50 метрге брасс əдісімен жүзуден үшінші болып келсе, жалпы есепте 5-ші орынмен финалға өтті.

Ал қорытынды есепте 12-ші орында қалған А. Қамзин финалдық кезеңнен сырт қалды.

Ақтық бәсеке Астана уақытымен сағат 17:00 басталады.

Естеріңізге сала кетейік, Баландин осыған дейін 100 метрге брасс әдісімен жүзуде Азия ойындарының қола жүлдегері атанған болатын.