Әзербайжанда 15 қазан күні 530 коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Әзербайжан үкіметі жанындағы Жедел штабтың хабарлауынша, соңғы тәулікте 101 науқас жазылып шықса, 3-еуі көз жұмған.
Жалпы бүгінге дейін елде коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны 43280 адамға жетті, олардың 39671-і дертінен айығып шықса, 619 науқас қайтыс болды, тағы 2990-ы елдің арнайы медициналық мекемелерінде ем алып жатыр.
Әзербайжанда COVID-19 инфекциясының бар-жоғын анықтайтын 1 201 924 тест алынған.
Айта кетсек, соңғы күндері сырқаттанғандар саны күрт артып кеткен.