Тарихта алғаш рет азаматтық коммерциялық экипажбен ұшқан америкалық SpaceX компаниясының Crew Dragon ғарыш кемесі үш күнде оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Кеме Флорида жағалауындағы Атлант мұхитына жақсы қонды. Оқиғаның тікелей эфирі Twitter-дегі Inspiration4 миссиясының парақшасында жүргізілді.
SpaceX ғарышкерлерді құттықтап, "Жерге оралуларыңмен" деп жазба жариялады.
Еске салайық, 16 қыркүйекте SpaceX компаниясының Falcon 9 зымыран тасығышы Флорида штатындағы Канаверал ғарыш айлағынан ұшырылды, ол Crew Dragon кемесін орбитаға шығарды, ал экипаж мүшелері тек бейбіт тұрғындардан тұрды. Олар - жоба демеушісі кәсіпкер Джаред Исаакман, зерттеуші Сиана Проктор, дәрігер Хейли Арсенокс және АҚШ ВВС ардагері Кристофер Семброски.
Inspiration 4 деп аталатын миссия қайырымдылық сипатта болды, одан түскен қаражат балалар онкологиялық ауруларына маманданған St. Jude Children's Research Hospital ауруханасына қаражат жинауға бағытталған.
950 рет оқылды