23 шіл, 2024 сағат 11:00

Азамат Сатыбалды жалақы ала алмай жүрген аниматорларға жауап берді


Фото:brod.kz

"Қазақфильм" киностудиясының басшысы, актер Азамат Сатыбалды жалақы ала алмай жүрген аниматорларға қатысты мәлімдеме жасап, оны әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады, -деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

Ол “Жалған ақпаратқа жүйелі жауап” деп мынандай жауап қайтарды:  

"1. Қазақфильм мен Қазақанимация қызметкерлері айлықтарын толық алып отыр.
2. Бұл – Алтын адам жобасының шығармашылық тобы. Айлық емес, қаламақы. (Гонорар)
3. Жоба 2019 жылы басталған. Бес жыл созылып, бітпей келе жатыр. Соңғы мерзім бойынша 2023-те бітуі керек екен.
4. Ақшасы 90% төленген.
5. 10%-ы қалған.
6. Бұл жоба – ұлттық киноны қолдау орталығының тапсырысы.
7. Қазақфильм – орындаушы орган. Қазақфильм де қаражатын ала алмай, зардап шегіп отыр.
8. Кино орталығы жобаны қабылдамады. Ол жерде эксперттік кеңес бар.
9. Содан кейін сот процесі басталды.
10. Бұл – жүйелі шара. Бәрін заңдастыру үшін.
11. 20 маусым күні ұлттық киноны қолдау орталығының бастығы Құрманбек мырзамен кездесу өтті. Сол жерде ортақ шешімге келді. Жобаның режиссері мен авторлары қол алысып, келісті.
12. Қазақфильм сол бағытта жұмысын бастап кетті", – деп жазды Азамат Сатыбалды.