Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол федерациясы вице-президентінің міндетін атқарушы қызметінен босатылды.
«Айсұлтан Назарбаев «Қазақстан футбол федерациясы қауымдастығы» ЗТБ Вице-президентінің міндетін атқарушы қызметінен өтінішіне байланысты босатылды», - делінген ҚФФ сайтындағы хабарламада.
Биыл ақпанда Айсұлтан Назарбаев ҚФФ халықаралық ұйымдармен (ФИФА, УЕФА және ұлттық ассоциациялар) байланыс жөніндегі вице-президент қызметіне тағайындалған еді.