Эстрада жұлдызы Айқын Төлепберген биыл қыста көзіне блефаропластика жасатқан. Тимур Балымбетовке сұқбат берген әнші бұл қадамға не үшін барғанын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жыл өткен сайын қабағы түсіп бара жатқандықтан, әнші оны көтеру үшін пластикалық хирургтың көмегіне жүгінгенін мойындады. Айтуынша, биыл қыста блефаропластика жасатқан. Алайда, достарының өзі оның көздеріндегі өзгерісті байқамаған.
"Кішкене түзеттім. Осы биылғы қыста. Уақыт өтіп жатыр. Қабағым түсіп кетіпті. Уақытында осылай көтеріп қойсаң, дұрыс болады деген соң, жасаттым", - деді ол.
Әншінің қабағына операцияны оның жақын досы жасапты.
"Жақсы маман, өзімнің досым жасады. Мен ешкімге бұл туралы айтқан емеспін. Бірақ менің оқырмандарым бірден түсініп қойдым. Достарым байқамайды, бірақ оның әйелдері байқап қойыпты. Блефаропластика деп аталады", - деді әнші.
Еске салсақ, әнші сұқбат кезінде карантин кезінде той гонорарын көтерген жалғыз әнші екенін мойындады. Айтуынша, оның гонорары шамамен 10 пайызға қымбаттаған. Бұл шешімді ол өзінің қаламақысын өзге әншілермен салыстыра отырып, шығарған.
"Мен мейрамханалардағы концерттер үшін көп ақы алмаймын. Себебі, онда мені тыңдауға менің тұрақты тыңдармандарым келеді. Бірақ тойларға көбірек гонорар сұраймын. Мен карантинде гонорарын көтерген жалғыз әнші шығармын. Шамамен 10 пайызға көтерілді. Ойланып-ойланып, өзге артистердің гонорарын салыстырдық. 5000 доллар сұрайтындар бар. Енді оларға қарағанда менікі азырақ. Бірақ, сәл қостық", - деді ол.