02 жел, 2022 сағат 10:25

Ақтөбеде ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам ұсталды


Ақтөбеде ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

"30 қарашада облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Ақтөбе облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, 8 жылдан астам сот төрелігінен жасырынған Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Орынбор облысының 35 жастағы тұрғыны Ақтөбе қаласындағы жиһаз цехтарының бірінде ұсталды" - делінген хабарламада.

Күдікті ҚР ҚК-нің 120-бабы 2-бөлігі "Зорлау" бойынша іздеуде жүрген.

Қазіргі уақытта ұсталған адам Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.