Фото: КазТАГ
Экс-президенттің баспасөз хатшысының сөзінше, Назарбаев Мәскеуге Ресей президентінің арнайы шақыруымен барған, деп хабарлайды Ult.kz.
Сапар Жеңіс күнінің 80 жылдығымен байланысты болған. Парад өткен күндері белгілі бір себептерге байланысты қатыса алмапты.
"Назарбаев пен Путиннің арасында көп жылдан бері жалғасып келе жатқан сыйластық қарым-қатынас бар. Назарбаев Түркия, Қытай, БАӘ, Өзбекстан, Беларусь басшыларымен де дәл осылай достық рәуіште жиі хабарласып, жеке жүздесіп тұрады. Мұндай бейресми кездесу мен достық сипаттағы әңгімелер халықаралық деңгейдегі үйреншікті жағдай", – деп жазды баспасөз хатшы.
Үкібай Назарбаевтың шетелге біржола көшіп кеткені туралы ақпаратты да жоққа шығарды.
"Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанда тұрады, ешқайда қоныс аударған жоқ. "Көшіп кетті" деген әңгімелер өтірік", – дейді Үкібай.