26 қар, 2020 сағат 10:23

Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен ел чемпионы атанды

Қызылордалық Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен ел чемпионы атанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Комитеттің мәліметіне сенсек, Алматыда «Достық» спорт кешенінде грек-рим күресінен Қазақстан чемпионатының финалдық бәсекесі өтіп жатыр.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Айдос Сұлтанғали (Қызылорда облысы) Ернар Фидахметовты (ШҚО) 3:1 есебімен жеңіп, чемпион атанды. 

Аталған салмақ бойынша Мейрамбек Айнағұлов (Ақтөбе облысы) пен Дастан Зарлыханов (Ақмола облысы) жарыстың қола жүлдесіне ие болды.