Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) барлық салмақ санатындағы рейтингтің соңғы нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz сайты.
Тамыз айындағы рангтер туралы кестеде қазақстандық супер орта салмақтағы Айдос Ербосынұлы жетінші орыннан алтыншыға көтерілді.
Еске сала кетейік, 26 шілдеде Айдос Минскіде өткен жекпе-жекте неміс боксшысы Нуху Лавальды нокаутпен жеңіп, WBO Global, WBC Asia және WBA International титулдарын қорғады.
Орта салмақ санатындағы басқа да қазақстандық боксшылар Қанат Ислам мен Жәнібек Әлімханұлы сәйкесінше үшінші және төртінші орындарын сақтап қалды. Еске сала кетейік, екі спортшы да WBO нұсқасы бойынша титулға ие: Ислам - WBO International чемпионы, Әлімханұлы - WBO Global белбеуінің иегері.