27 қаң, 2018 сағат 20:16

Аязды күні сусыз қалған алматылықтар қарды ерітіп күн көріп отыр (Видео)

Аязды күні үйіндегі құдығы қатып қалған алматылық отбасы қарды ерітіп, оны қажеттіліктерін өтеу үшін пайдалануға мәжбүр болып отыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы қаласында жер үйде тұратын Әлия есімді келіншек жағдайының қиындығына налып, амалсыз жарияға жар салып отыр. Тоғыз баланы тәрбиелеп отырған ол суық күнде сусыз қалғандықтан даладағы қарды шелектеп тасып, өз қажеттіліктеріне жаратып жүргенін айтады. Осыған қатысты әйел Instagram парақшасында бірнеше жазба жариялаған-ды.

Тамақ дайындайтын суды Әлия көршілерінен алып жүр екен. Ал басқа қажеттері үшін қарды ерітіп күн көруде.

Әлияның айтуынша, ол жергілікті билік өкілдеріне аязды күнгі әлегі жайлы хабар берген. Енді олардан көмек күтіп отыр.