09 жел, 2020 сағат 10:20

Авиажолаушылардың 94%-дан астамы Қазақстанға ПТР-анықтамаларымен келген

2020 жылғы 8 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Швейцария, Германия, Корея, Мысыр, Түркия, БАӘ, РФ, Қырғызстан және Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі.

Елге келген 1740 әуе жолаушысының 1 648-інде П ТР-тестілеу анықтамасы бар, анықтамасыз 92 адам болған. Бәрі де ҚР азаматтары. 

Оның ішінде: 

- Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 279 жолаушы, анықтамамен - 1 207, анықтамасыз - 72; 

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 222 жолаушы, анықтамамен - 212; анықтамасыз - 10; 

- Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 239 жолаушы, анықтамамен - 229; анықтамасыз - 10. 

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 92 адамның тест сынамасы олардың дені сау екенін көрсетті.