08 ақп, 2020 сағат 12:50

Аустралияда соңғы 20 жылда болмаған нөсер жаңбыр құйып тұр

Аустралияда соңғы 20 жылда болмаған жауын-шашын мөлшері тіркелді, деп хабарлайды Sky News.

Метеорологтардың болжамы бойынша Сиднейде 8 ақпанда таңертең 130 мм-ге дейін жауын-шашын түсуі мүмкін.

Сонымен қатар, құтқарушылардың мәліметінше, Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында нөсер салдарынан орман өрттері азайған. Өрт сөндірушілер жаңбыр тағы 17 бақыланбаған орман өртін сөндіруге көмектеседі деп үміттенеді.

Өткен жылдың қазан айынан бастап Австралияда орман өрттері өршіп тұр, тоқтар түрі де көрінбейді.