Ауғанстанның бұрынғы байланыс министрі Сайед Ахмад Шах Садаат Германияның Лейпциг қаласында курьер болып жұмыс істеп жүр, деп хабарлайды Sputnik жергілікті Leipziger Volkszeitung басылымына сілтеме жасап.
Экс-шенеунік былтыр Ауғанстаннан кеткен. Жиған-тергені аяқталған кезде жұмыс іздей бастағанын айтты.
Садаат Lieferando тамақ жеткізу қызметіне орналасты. Алайда ірі еуропалық Telekom телекоммуникациялық компаниясында жұмыс істеуді армандайтынын жеткізді.