26 там, 2020 сағат 09:50

Ауғанстанда су тасқыны салдарынан 30 адам опат болды

Ауғанстанның шығысындағы Чарикар қаласында (Парван провинциясының әкімшілік орталығы) толассыз жауған нөсер жаңбыр салдарынан кем дегенде 30 адам қаза тапты. Бұл туралы France-Presse агенттігі.

Өз кезегінде, TOLOnews телеарнасы провинцияда болған дүлей апаттан 25 адам қаза тауып, 60 адам зардап шеккенін хабарлады. Оның мәліметінше, қаза тапқандардың көбі – әйелдер мен балалар.