01 қаз, 2020 сағат 11:21

Әуе рейстері: Коронавирусқа қатысты қай елдер екінші санатқа жатқызылды

Халықаралық әуе рейстерімен келетін жолаушылар коронавирус індетіне қатысты санатқа жіктеліп, тиісті шектеу шаралары ескерілген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атап айтқанда, І санатқа енгізілген Қытай, Таиланд, Моңғолия, Малайзия, Мысыр, Гонконг, Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапур, Германия, Беларусь, Әзербайжан елдерінен келгендер термометрия мен сауалнамадан өтеді.

Ал ІІ санатқа жататын Швейцария, Ұлыбритания, Польша, Италия, Мажарстан, Аустрия, Нидерланд, Швеция, Румыния, Чехия, Грекия, Түркия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Үндістан, Армения, Ресей, Өзбекстан, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан термометрия мен сауалнамадан өтеді. Бұдан бұрын хабарланғандай, екінші санатқа 21 ел енгізілді. Осы елдерден сапарлап келгендер термометрия мен анкеталаудан бөлек, ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар COVID-19-ға тексерілгені туралы анықтама ұсынуы керек.