08 ақп, 2021 сағат 11:00

Ауа райының қолайсыздығынан жолда қалған 800-дей көлік иесіне көмек көрсетілді - ТЖМ

Ауа райының қолайсыздығын жол бойында қалған 800-дей көлік иесіне көмек көрсетілді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Кеше ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше республикалық жол қозғалысына тыйым салынды. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласынан Ақмола және Қарағанды облысына шығатын жолдар бар. Нұр-Сұлтан қаласынан Щучьеге бағыт алған шамамен 270-тей көлік жол бойында қалса, керісінше Щучьеден елордаға келе жатқан 400-дей көлік жолды тұрып қалған. Осы орайда құзырлы органдар жедел шара қабылдап, жолда қалған 800-дей көлік пен оның иелеріне көмек көрсеті. Одан бөлек, ауа райының жайсыздығынан Нұр-Сұлтан - Петропавл тасжолында 2 көлік апаты болды. Абырой болғанда адам шығыны жоқ», - деді Т. Уәли елордада өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, жолдардың ашық немесе жабық екені туралы ақпарат сағат сайын жаңарып тұрады. 

«Дәл қазіргі уақытта ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұр-Сұлтан-Қарағанды тасжолы жабық. Сонымен қатар, біздің министрлік басқа да құзырлы органдармен бірлесіп, жол бойында қалған адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Және де қазіргі сәтте 60-тан астам адам және 300 техника жолды тазалап жатыр. Жалпы ел бойынша кеше 14 жол учаскесі жабылғанын айтты. Ол Қарағанды, СҚО, Ақмола және Алматы облысы аумағына қарасты жолдар, - дейді ол.