02 қыр, 2021 сағат 19:09

Ауа райына байланысты өлім 5 есе артты - БҰҰ

Фото ©REUTERS

Соңғы 50 жылда ауа райының қолайсыздығына байланысты өлім-жітім бес есе артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz БҰҰ сайтына сілтеме жасап. 

БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі саналатын Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (ДМҰ) есебінде 1970 жылдан 2019 жылға дейін әлемде қауіпті климаттық, метеорологиялық және гидрологиялық өзгерістерге байланысты екі миллионнан аса адам қайтыс болғаны жазылған. 

©REUTERS

ДМҰ мәліметі бойынша, 50 жылға жуық уақытта 11 мыңнан асы табиғи апат болған, бұл 3,64 триллион доллардан аса шығынға әкелген. Мамандар климаттың өзгеруі төтенше ауа райы құбылыстарының көбеюіне әкелелгенін атап өтті, ал бұл дегеніміз барлық тіркелген өлімнің 45 пайызы және экономикалық шығынның 74 пайызы.

©REUTERS

Апаттардың көбі, сарапшылардың пікірінше, су тасқынынан болады - 44 пайыз, ал 17 пайызы тропикалық циклондармен байланысты. Барлық өлімнің 91 пайызы дамушы елдерге тиесілі.

Адамдардың көбі мынадан қайтыс болған:

  • құрғақшылықтан - 650 мыңға жуық өлім;
  • дауылдан - 577,2 мыңнан аса адам қайтыс болды;
  • су тасқынынан - шамамен 58,7 мың адам;
  • жоғары температурадан - 55,7 мыңнан аса өлім.

Ал экономикалық тұрғыдан ең көп шығынға батырған - дауылдар (521 миллиард доллар) және су тасқыны (115 миллиард доллар).

©REUTERS

Осыған қарамастан, есеп авторлары табиғи апаттардан болатын өлім-жітім азайып келе жатқанын айтты: 1970-1980 жылдары күн сайын ауа райына байланысты орташа есеппен 170 өлім тіркелсе, 2010 жылдары бұл көрсеткіш 40-қа дейін төмендеді.

©REUTERS

Алайда экономикалық шығындар өсіп жатыр. 2010-2019 жылдары күнделікті материалдық шығындар орташа есеппен 383 доллар болды, бұл 1970-1979 жылдардағы ұқсас көрсеткіштен жеті есе көп.

Бұған дейін климатолог әлемде су тасқыны жиілегені туралы айтқан еді. Еске салайық, Германия, Бельгия, Нидерланды, Франция, Түркия және Қытайдағы қатты су тасқыны үйлерді қиратып, адам өліміне әкелген болатын. 

Ал кеше АҚШ-тағы Теннесси штатында су тасқыны салдарынан кем дегенде 22 адам қайтыс болғаны хабарланды. Елуге жуық адам хабар-ошарсыз кетті.