16 қар, 2021 сағат 20:00

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды


«Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп забарлайды "Ұлт ақпарат".

Атап айтқанда, 17 қарашада күндіз Қостанай облысының басым бөлігінде қар, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с жетеді.

17 қарашада Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, 18 қарашада басым бөлігінде қар жауады, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 17 қарашада облыстың батысында, солтүстігінде тұман болжанады, күндіз облыстың оңтүстігінде желдің екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары көтеріледі. 19 қарашада ауа температурасы түнде -17-22 төмендейді. 

17 қарашада күндіз Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында көбінесе қар түрінде қатты жауын-шашын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. 

18 қарашада қар жауады, түнде облыстың солтүстігінде қар қатты жауатыны күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында бұрқасын болады. Желдің күші 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары артады. 19 қарашада ауа температурасы түнде -17-22, солтүстік-шығыста -25, күндіз -13-18, солтүстік-шығыста -22 градус аязға дейін күрт төмендейді. 

Күндіз 17 қарашада Ақтөбе облысында облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

17 қарашада Ақмола облысының солтүстігінде, батысында тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында күші 15-20 м/с артады.

17 қарашада Алматы қаласында күндіз қар және жаңбыр түрінде жауын-шашын болады. Күндіз 17 қарашада - тәулік бойы, 18 қарашада кей уақытта тұман, көктайғақ болжанады. 

17 қарашада күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

17 қарашада Қызылорда облысының орталығында және шығысында көктайғақ, бұрқасын болады. Желдің екпіні - 15-20 м/с.

17 қарашада күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстік-шығысында түнде және таңертен тұман болжанады. Желдің жылдамдығы 25 м/с жетеді. 

17 қарашада Павлодар облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.