11 қаз, 2021 сағат 18:02

12 қазанда ауа райы қандай болады?


Қазгидромет 12 қазанға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның батысында жауын-шашын болмайды, ал шығыстың бір бөлігінде жаңбыр жауады, қалған бөлігінде қатты жауын-шашын, қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.


Еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында жел күшейіп, оңтүстік-батысында шаңды дауыл болады.


Солтүстігінде, шығысында, оңтүстік жартысында және орталығында тұман, солтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.


Ақмола облысының оңтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болып, солтүстігінде таңертең және күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді.


Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының солтүстігінде және батысында тұман түседі. Облыстардың шығысында және оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.


Қызылорда облысының орталығында, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында, Атырау облысының оңтүстік-батысында күндіз шаңды дауыл болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.


Жамбыл облысының шығысында және таулы аудандарында тұман түседі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.


Алматы облысының солтүстігінде тұман болып, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.


Түркістан облысының таулы аудандарында күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.


Қостанай облысының солтүстік-шығысында түнде тұман түсіп, Павлодар облысының оңтүстігінде түнде, солтүстігінде күндіз көктайғақ болады.