Синоптиктер еліміздегі алты облыс аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Қазгидромет.
12 қарашада батысында түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
12 қарашада таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
12 қарашада күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
12 қарашада түнде Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, күндіз шығыс жартысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Облыстың солтүстік-батысында тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, күндіз облыстың шығыс жартысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Көкшетауда ертең түнде тұман түседі, көктайғақ болады.
12 қараша Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Оралда ертең жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді.
12 қарашада Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ болуы мүмкін.
Ақтөбе ертең көктайғақ болады.