05 қаз, 2021 сағат 00:54

Ауа-райына байланысты 7 өңірде ескерту жарияланды


Қазгидромет РМК 5 қазанда бірқатар облыста күн суытып, қатқақ болатынын хабарлады.

5 қазанда түнде Атырау облысының солтүстігінде температура 1 градус болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстінде екпіні 15-20 м/с-ға жетеді.

5 қазанда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с болады. Көкшетау қаласында 5 қазанда түнде тұман, көктайғақ күтіледі. 

5 қазанда Маңғыстау облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында 15-20 м/с болады.

5 қазанда Қызылорда облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік сақталады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. 

Қызылорда қаласында 5 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с шаңды дауыл соғады.

5 қазанда таңертең және күндіз Түркістан облысының батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с болады. Түркістан қаласында күндіз 5 қазанда солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

5-6 қазанда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, 6 қазанда тәулік бойы облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Қарағанды қаласында 5-6 қазанда тұман, көктайғақ күтіледі. 

5 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с болады.