21 қаз, 2021 сағат 18:25

Ауа райына байланысты 6 өңірде ескерту жарияланды


Еліміздегі алты облыс аумағында ауа райының құбылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ертең күні бойы, 23 қазанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. 22-23 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. 

Петропавлда ертең күні бойы, 23 қазанда түнде жаңбыр, қар жауады, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. 22-23 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, 15-20 м/с күшейеді, ертең күндіз, 23 қазанда күні бойы екпіні 23-28 м/с болады.

22 қазанда түнде Қарағанды облысының шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде тұман түседі, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Ертең Қарағанды қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с жетеді. 

Ертең күндіз Жезқазғанда жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с жетеді. 

22 қазанда түнде Батыс Қазақстан облысының шығысында көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ертең Оралда жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді.

22 қазанда түнде Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр, қалың қар жауады. Тәулік бойы тауда тұман түседі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с жетеді.

22 қазанда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетуі мүмкін. 

22 қазанда Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында тұман түсуі мүмкін, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығыс жартысында 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстік-батысында екпіні 25 м/с жетеді. 

Ертең Көкшетауда жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Ертең түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Ертең түнде Ақтөбе қаласында көктайғақ болады.