13 қаң, 2021 сағат 08:41

Ауа райы: Қазгидромет алдағы үш күнге арналған болжамын жариялады

Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«14-16 қаңтарда Салехард аудандарынан ығысқан антициклон республиканың басым бөлігіне әсер етеді. Салдарынан басым бөлікте ауа температурасы төмендейді. Тек кезеңнің соңында Жерорта теңізі циклонының келуімен ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. Кей жерлерде қар жауады, оңтүстікте және батыста жауын-шашын (қар, жаңбыр), боран, тұман, желдің күшеюі, батыс және оңтүстік облыстарда көктайғақ болады», - делінген хабарламада.