05 қар, 2018 сағат 10:09

Ауа райы: Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

РМК мәліметтеріне қарағанда, республиканың басым бөлігінде жауын жауып, тек елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, кей жерлерде екпіні 23-28 метрге дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде кей жерлерде желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Осыған дейін Астана мен Ақмола облысында ескерту жарияланғандығын хабарлаған болатынбыз.